Живопись

lat: Jıvopıs

зат есім. Кескіндеме (шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды майлы бояу арқылы салатын бейнелеу өнері). Жиырмасыншы-отызыншы жылдары бейнелеу өнерінің ж и в о п и с ь сияқты күрделі түріне тұңғыш бой ұрған Ә.Ысмайлов, Ә.Қастеев, ағайынды Қожықовтар сияқты суретшілердің шығармалары халық творчествосымен үндес еді (І.Омаров, Серпін). Беркінді Қайырдан ағасы мектептен шығарып, көркемөнер училищесінің ж и в о п и с ь бөлімінің бірінші курсіне ауыстырған-ды (М.Дүйсенов, Ант).