lat: Jıyn, top, tobyr, topyr, shoǵyr, sap, lek, grýppa kitabı.
Көп адам жиналған жер, топталған ығы-жығы халық.
Көптен мұндай жиын көрмей, бұйығы болып қалған бала-шаға жиналып, тар үйге сығылысып, сыйғанша кіріп алды (Ш. Мұртазаев).
Ол тынымсыз болған сайын Бақтығұл тобы бұрынғы адал, тыныш еңбектен айырыла берді (М. Әуезов).
Кездесіп тұрған тобырдың ішінен Советті түсінгісі келмейтіндер де табылатын еді (Д. Әбілев).
Қоңырау даусы шылдырлап, пар-пар ат жеккен өрт сөндірушілердің дыбысы шыққанда, скважин маңы үлкен топыр еді (Ғ. Сланов).
Таң , қуғыншылар шоғыры да көрінді (Ғ. Мүсірепов).
Бау-бақшалықка алғаш шығырмен су айдағандардың сапында Қали қарт та бар екен (М. Сатыбалдиев).
Оның сөзін әншіге екпіндете қосыла шыққан жүздеген лектің даусы бөліп жіберді (Б. Момышұлы).
Асығыс шаруасы бар екен, онда ертеңгі тапсыратын группаға неге қоспайды, - деді Гүлжан (М. Дүйсенов).