Жиырма бес

lat: Jıyrma bes

поэтикалық. Нағыз жігіттік кезең. Айрылмай ж и ы р м а  б е с т і ң жалынынан, Алпыстың қарайды асқақ адырынан. Ақылмен сезім отын тұтастырып, Байсалды бір танбайды қалыбынан (С.Мәуленов, Алыс кет.). Ж и ы р м а б е с қаз дауысты көктемдер, Қаңқылдап кеп талай қонып өткен жер. Жиырма бес биіктік пен тереңдік, Биіктік пен тереңдікте көк пен жер! (Т.Айбергенов, Мен саған.). Жығамын деп шығады ол күреске, Жеткен жеңістерімнің барлығы есте. Елуімде қалғам жоқ ерліктерден, Тау құлата алғам жоқ ж и ы р м а  б е с т е (Т.Молдағалиев, Шақырады.).