Жиырма шақты

lat: Jıyrma shaqty

Жиырмадай. Небәрі ж и ы рм а  ш а қ т ы күнде Ғани қыруар қаржыны жоқ еткенін естісе ол байғұстар [ата-ана] мүлде шошып кетер (М.Иманжанов, Көк белес). Бұл лагерьде мектеп оқушыларынан басқа, әр ауылдан келген ж и ы р м а  ш а қ т ы бала бар (Ә.Тарази, Үлкен ауыл). Бірқатар оқыған ж и ы р м а  ш а қ т ы баланың ішінде Түйебайдан бұрын таяқ жегені болмады (Б.Майлин, Шығ.). Бітірді бір класты, Үздік баға алды да. Ж и ы рм а  ш а қ т ы баладан Жан салмады алдына (О.Шипин, Дастан.).