Жиырма-отыз

lat: Jıyrma-otyz

сан есім. Жиырма-отыз шамалы. Базар дейтін үлкен базар да жоқ екен. Ж и ы р м а-о т ы з адам ұсақ-түйек сатып, дуылдасып жүр (Ә.Шәріпов, Қапаста.). Одан арырақта, зәулім қарағайлардың түбінде, бір-бірінен арасы ж и ы р м а-о т ы з жерде жорық ошақтарының түтіні шығып жатыр (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Небәрі ж и ы рм а-о т ы з адым жер балаға ұзақ сонар, сапар жолындай көрінді (Ш.Айтматов, Қош бол.). Еркекті біріншіден бала дейді. Балалық, әр нәрсеге шала дейді. Ж и ы р м а-о т ы з жаста оттай шалқып, Балалық содан әрі қалар дейді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).