Жиырманшы

lat: Jıyrmanshy

сан есім. сөйлеу. Жиырмасыншы. Бұл сан ж и ы р м а н ш ы жылдардың аяқ кезінде революцияға қарсы жазушылардың ашық түрлерін әдебиет майданынан біржолата қуып шығуға әкеп соқты (С.Мұқанов, Өсу жол.). Айта берсең ол ж и ы р м а н ш ы жылдарда осы өңірде болған нағыз байдың, бандының өзі (З.Жәкенов, Таң самалы). Қазақтың қыз алып қашуы қанына сіңген кәсіп. Ж и ы р м а н ш ы жылдар түгіл, қырқыншы, елуінші жылдары да қалмайды (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Бұған да бірқатар уақыт болып қапты-ау. Мың да тоғыз жүз ж и ы р м а н ш ы ма, Жиырма бірінші ме жыл еді (М.Әуезов, Шығ.).