ЖАУАП

lat: JAÝAP

(ар. жауаб جواب) сұраққа қайтаратын сөз, жауап.

Қайтарды мұндай жауап сонда оған: Мен сізбен бейтаныспын жәзір заман («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).

Пайғамбар Ғайшаға жауап сөйлер: Жандарын үмбетімнің тәңірім алар! («Өлім халінен Ғайша анамыз илан Пайғамбардың бақас (бахис) қылғаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Сауалыңа берейін жауап, ханым, “Иә, Алла” деп сүйенген ғаріп [жаным] («Қисса Таһир». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Жауапкер [жауабкер] бір нәрсеге жауапты, жауап беруші, жауап беруге міндетті адам.

Жауабкерлернің шақырылуы бойынча келмегенліклері ыстаршын бірлән болұслар куәландұрұб... (1885 жылы Абай Құнанбайұлының қатысуымен Қарамола съезінде жасалған ережелер).

Егер де жауабкер разы болса тағайынлы болұб бұзұлмайдұр, егер де разы болмаса екі жұмаға арасында алғач билік айтқан биге қайтадан арыз қыладүр (1885 жылы Абай Құнанбайұлының қатысуымен Қарамола съезінде жасалған ережелер).

Егер де жауабкер текшерүлу бойынча ағарса иаки болұснай сиезге тыңлатса сиез биінің билігін ұнатса сонда айыблы жағын чығұнын қайтармаққа міндетлі қылұб һәм жаза биұрадүр (1885 жылы Абай Құнанбайұлының қатысуымен Қарамола съезінде жасалған ережелер).

Жауаптасу сөйлесу.

Жериді Шаhизинда ойнап-күлмей, Адамның жауаптасқан тілін білмей («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Жауаптассаң кетеді хайла тауып, Келген жерден ақылын тандырыңыз («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).