жылқының сауырындағы ойыстау жері, суағары. Жаңбырлық малдың бiтiмi мен сымбатын, дене бөлiктерi мен сүйек бiтiсiн, бұлшық етiнiң аз-көптiгiн (ояздығы мен толысуы) көрсетеді. Арып титықтаған жылқының сан етiнiң сайлығы мен сауырындағы жаңбырлығы «қазылып», яғни ояздалып, ойыс болып көрінеді. Ал қоңданғанда (семіргенде) жаңбырлығы ойыс болмай, тегістеле бастайды. Сондықтан қоңданған жылқы туралы ат жаңбырлығын жапты, жаңбырлығы жабық деп айтады.