жауын-шашынды мезгілде киетін киімдердің жалпылама атауы. Оған негізінен жеңіл күрте , сулық , кебенек, шекпен және күпі тәрізді жаңбыр кезінде су өткізбейтін ерекшелігі бар жүннен (яғни шайыры көп жүннен) басылып немесе тығыз етіп тоқылып жасалған киім түрлері пайдаланылды. Осылайша, жүннен арнайы жасалған бұйым су тиген кезде ісінеді де, су өткізбейді.