ЖАҒЫЛ

lat: JAǴYL

е т. 1. От тұтатылу, отын жұмсалу. Мен біздің жорық ошақтарымызда екі күннен бері от ж а ғ ы л м а ғ а н ы н айттым (Б.Момышұлы, Москва.). Сүмбеде отын тапшы, жақын маңда орман жоқ. Отқа қурай, сабан, тезек, көң ж а ғ ы л а д ы (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Қазіргі қоғам құрлықтың 50 пайызынан астамын пайдаға жаратып, өзен суларының 12 пайызын орман өскенінің 50 пайызын пайдаланады, жыл сайын құрлыс және тауен жұмыстары кезінде 4 мың км 3ан астам жыныстар аудастырылып, жер қойнауынан 100 миллиард тоннадан астам кен алынады, 7 миллиард тонна шартты отын ж а ғ ы л ы п, дүниежүзілік мұхит суларына 600 миллиард тонна мұнай төгіледі (Т.Қалыбеков, Экология.). 2. а у ы с. п о э т. Сезімніц оянуы. Емес пе екі жүрек келсе, Арада махаббат оты ж а ғ ы л м а ғ ы. Мінекей, добыраңыз тоқтадым мен, Сөйлесін сүлу Жамал жанымдағы (М.Дулатов, Шығ.). 3. а у ы с. Жайнап, жарқырау. Жаралды тәні пенде нұрдан қайнап, Ж а ғ ы л ы п тудың сен сол нұрдай жайнап (Ақан сері, Шығ.).