ЖАҒЫЗ

lat: JAǴYZ

е т. 1. м а л ш а р. Сүтке жарымаған жас төлге екінші бір ененің сүтін емізу, немесе бауырына салу. Мұндайда ақсыз туған қойдың қозысы мен егіздің сыңарын сүтті саулықтарға ж а ғ ы з ы п алып отырады (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Жыл сайын боталайтын інгендер ботасын 7 ай емізгеннен кейін суалып кетеді. Олардың боталарын басқа інгендерге ж а ғ ы з ы п, жем беріп, жақсы күтімге алу қажет (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру). 2. а у ы с. Маңдайын ашу, теңдікке қолын жеткізу, көкірек-көзін ашу. Ұ лы көкірек жиған сүтін тамызбай, Қызыл қылыш қырқа турап ағызбай. Басылмас бұл алқындаған арыным, Адал сүтпен жарлыларды ж а ғ ы з б а й (І.Жансүгіров, Шығ.).