ЖАБУ

lat: JABÝ

(Қ.орда, Жал.) алаша немесе көнетоз текеметтен не тозығы жеткен шапан, ескі-құсқыдан жасалған, арық-тұрақ түйеге, ботатайлаққа тоңбас үшін жабылатын әбзел. Ж а б у д ы басқа малға да қажет жағдайда түрліше етіп жасай береді. Той-жиындағы, көші-қондағы және жазғы аптаптағы түйе, ат, атан, тай, т.ба б у л ы ғ ы сәнді де әшекейлі, жұқа делбегейлі болады (Қ.орда, Жал.).