lat: JABÝ
малға арналған қорғаныш және сәндік жабдықтардың жалпылама атауы. Қорғаныш мақсатындағы жабу малды сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен (суық‚ аяз, жаңбыр, қардан), жәндіктердің залалынан, тіл-көздің сұғынан қорғау үшін пайдаланылған. Жабуды сәндік үшін де қолданылды. Ол мал иесінің әлеуметтік жағдайының айғағы іспеттес болды. Жабу көбіне жұмсақ терiден‚ мат адан, киізден төртбұрышты, шаршы пішінде тігіледі, бұрыштарына байлайтын бау тағылады. Сонымен қатар жабу түрлері кез келген малға лайықталып, қажетіне қарай малдың жонын (арқасын)‚ сауырын, бүйiрiн, бауырын қорғайтындай етіп басқа да қолжетімді материалдардан (ескірген киім, үй бұйымдарынан, алаша, текемет, сырмақ, кілем жыртындыларынан) жасала береді. Жабуды көбінесе жазғытұрым мал төлдеген шақта әлжуаз, аурушаң төлдерді аурудан сақтандыру үшін және қыста туған арамзаны суықтан қорғау үшін де пайдаланды. Дәстүрлі ортада қозы-лаққа жабудан гөрі құрсағын жылылайтын бауырынтақ деп аталатын жабдық қолданған.