ЖАБУ

lat: JABÝ

зат. 1. Малдың, үй жануарларының жонын, сауырын суықтан, жаңбырдан қорғау үшін пайдаланатын жұмсақ тері, матадан сырылып жасалған малдың арқа, сауыр, бүйірін қаусыра қымтайтын, ұштары доғал келген төртбұрыш пішінді, ұшында бір-біріне байланатын бауы бар қорганыш жабдығы. Бота ж а б у ы н ы ң арқасы өркешін қымтап тұратындай доғал жасалады немесе тесік шығарылады (ҚСЭ). Қылышбай жігіттері жүк буған арқанға пышақты сала бастаған кез еді, кенет түйе біткеннің үстіндегі ж а б у ы жерге жалп-жалп ұшып, әр теңнен екі-екі қарулы адамнан сопаң-сопаң етіп шыға келді (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік). Қабырғалары мен күмбезіндегі барельефтер -салтанатты күймелер, өгіздер мен арыстандар, ж а б у ы н оюлап, үстін безендіріп тастаған пілдер (Т.Ахтанов, Үндістан.). 2. Бір нәрсенің үстін бүркеп тұратын матадан істелген бұйым. Елеусізде жұмысшылар аңғармай қалып, ж а б у жаппай талай рет жүктер былғанған (Ә.Әбдіқадыров, Әңгім.). Отряд әбден ұзады-ау дегенде қараша үйдің жанындағы тезекке жапқан ж а б у д ы ң астынан Аяпберген қария түрегелді (І.Жансүгіров, Шығ.). 3. Сән үшін пайдаланатын әшекейлі жапқыш. Жібектей ж а б у жаптырған, Ұйқысын алып қағытып. Ақ отауға бақтырған, Опасыз қазақ таптырған (Амангелді). Оң жақта үстіне ақ масахана құрған ақ никельді кереует, оның үстінде өрнектері ғажап ж а б у (С.Мұқанов, Менің мектеп.). 4. Қазақ үйдің киіз есігі. Осы сәтте есіктің ж а б у ы ашылып, еңгезердей оберофицер үйге кірді (А.Сатаев, Дала.). Бұ бір -баланы көп тауып, жалғызынан басқаның бәрі ұзатылып, өліп таусылған, ауыл үйдің жібін иіріп, ж а б у ы н, сырмағын сырып, сабасын тігіп күн көріп отыратын көңілшек тәуір кемпір еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 5. Бесіктің ту сыртынан қымтап жабатын жабу, бесік жапқышы. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген кестеленген арнаулы ж а б у ы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені масаыбыннан, күн көзінен, желден, суықтан қорғайды (Д.Шоқпарұлы, Ата салт.).