ЖАБА

lat: JABA

құстарды ұстауға арналған, тал шыбықтарынан шарбақтап тоқылатын құрал. Жаба дөңгелектеу, күмбез пішіндес немесе төрбұрышты қорап тәріздес етіліп тоқылады. Әдетте жабамен кекілік, шіл, бұлдырық, бөдене тәрізді құстарды ұстайды. Өте сирек болса да саят құсын жаба көмегімен қолға түсіру тәсілі қолданылған. Ол үшін жабаның бір жағына таяқты тірей көтеріп, астына дәнді дақылдарды сеуіп, тайақтың ұшына ұзын жіп байлап, құстар жемге түскен кезде, жіпті тартып қалған кезде, жем шоқып жатқан құстар жабаның астында қалып қояды.