зат. жерг. Саятқа шыққанда қыран құсты ұстау үшін торлап, шаңырақ тәрізді етіп жасалған құрал. Өз-өзінен желігіп құсқұмар боп, Әкесі ж а б а тігіп қаңғып кетті (Қ.Жапсарбаев, Өлеңд.). Бұдан соң әлгі обақаннан сондай жерге ж а б а тұрғызылады (Саятшылық). Төрт-бес жерге, Шопеке, Ж а б а құрып жатасың. Соны ұстасақ, Шопеке, Көңілдегі аңыңа (Қ.Жапсарбаев, Жетісу жырлары).