ЖАБДЫҚ

lat: JABDYQ

жалғыз өркешті түйенің жазысының астына төселетін, киізден, теріден жасалған төсеніш. Жабдықты киізді беттестіре қабаттап, арасына қой жабағысын немесе қоға салып тігеді. Нар түйеге жүк артқанда өркешке ауыт, ашамай, кәтеп батпас үшін салынады.