зат. 1. Керек-жарақ, әртүрлі құрал-сайман, әбзел. Станциядан көлігімен ағаш, әртүрлі ж а б д ы қ т а ғ а н маусымды жұмысшылардың арасында екі трактор да жүк тасып жүр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Бар тапқаным радиоқабылдағыш пен үй шаруасына қажетті түрлі ж а б д ы қ қана (З.Шашкин, Доктор.). Тарзан-Мүтәліп пен Ұстабай тәуекел деп сапарды әрі жалғастыруға бел байлап, жолазықты, ж а б д ы қ т ы теңдей етіп бөлісті (Д.Досжанов, Келіншектау.). 2. Үй ішінің дүние-мүлкі. Көлігі барлар өз үйінің ж а б д ы ғ ы н тасып алған соң, басқаға көмектеседі, тек трест ақы төлесе болғаны (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Үйді қамалап, үйдің ж а б д ы ғ ы н а төніп, мінбе ер-тұрмандардың ішінен екі-үш дауыс жамырасып, бірінен-бірі қағып алысып шырқап, сұңқылдап, «Той бастар», «Аужар» айтып тұр еді (С.Сейфуллин, Шығ.). Алты қанат ақ үй, оның ішіндегі ж а б д ы қ, есік алдында тұрған күйме бұлардың бәрін қызының еншісіне Балымайдың әкесі берген (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). 3. Түрлі тетік, бөлшек. Қазір мұнда қорғасын-мырыш және титан, магний комбинаттары, ТЭЦ, электр ж а б д ы қ т а р ы н жасайтын, конденсатор, аспап құрылысы, машина құрылысы, жөндеу-механика заводтары бар (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Әрбір цехта – еңбек дабылы. Соның әрқайсысында трактор ж а б д ы қ т а р ы, запас бөлшектер жасалынып жатыр (Б.Мәдиев, Өрендер). 4. Іске қажетті нәрсе, бұйым. Сәлімнің оқитын кітаптарын, дәптер, қалам, сия, сызғыш секілді оқу ж а б д ы қ т а р ы н күніне бір түгендеп, тексеріп қоятын (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Біз Калиновский тоғайына келдік. Азық, ж а б д ы қ тиеген күймелі арба да сол тоғайға келіп тоқтаған екен (Ш.Айманов, Қыран.). Әйелге қайнатылған, жуылған, дәріленген киім, төсек-орын ж а б д ы ғ ы беріледі (Келіншектер.). 5. Кару-жарақ, құрал. Жанындағы ж а б д ы ғ ы -Наркескен, қанжар, асыл-ды, Қарасайдай батырлар, Қиқу салып аттанса (Жамбыл, Шығ.). Генерал жаяу біздің әскерлердің о шетінен кіріп, бұ шетінен шықты, барлық әскери ж а б д ы қ т а р ы м ы з д ы көрді (Б.Момышұлы, Москва.). Енді ұзақ отыруға болмайды, қару-жарақ, керекті ж а б д ы қ т а р д ы алып, Лиза басқарған партизандармен бірге біз де жолға шықтық (Н.Көшекбаев, Қарулас дос.). 6. Өлікті шығаруға кететін мал-мүлік, керек-жарақ. Балам дүние салып жүре берді. Артында қалғанын есептеп отырып, қақ жартысын өзінің ж а б д ы ғ ы мен бересісіне шығарттым (М.Әуезов, Қараш.). Жаратты ж а б д ы ғ ы н а барлық малын, Таратты аш-арыққа қалғандарын. Бар малдан шұбар шолақ аты қалды, Қаракет қылуына балалардың (Е.Бердин, Екі ойшыл). 7. Әрекет-іс алдындағы әзірлік, дайындық, қам. Қонақтар Өркенмен амандасып, сәкіге отырғанда Жұмек үйге кіріп, ас үйдегі той ж а б д ы ғ ы н көзден тағы бір өткізіп келді (Ж.Тәшенов, Алғашқы.). Сен, Ысқақ, жүру ж а б д ы ғ ы н а кіріс. Асыл бұйымдарды сымбалдап буып, адам көрмес жерге апарып тыққыз (Б.Майлин, Шығ.). Келесі күні саяхатқа керекті ж а б д ы қ т а р д ы ң бәрі де іңірге дейін ретке келтірілді (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Осыған орай майданға жүру ж а б д ы ғ ы н а кірісіп, әрбір взвод командирлеріне тиісті міндеттер де айтылған болатын (Н.Ғабдуллин, Ел намысы).