Жабдықта етістігінің қимыл атауы. Алғашқы екі күн колхоздың жаңадан ашылған дәрігерлік пункті ж а б д ы қ т а у м е н өтті (Т.Ахтанов, Көк құлан). Жоқтан бар жасап, бүкіл майданды ж а б д ы қ т а у, от кешіп, шоқ шайнап жүрген жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз етуді қажет қылды («Қаз. әдеб.»). Жасы да үлкен, тіпті бүкіл Жымпиты әскерінің ж а б д ы қ т а у ісін басқарған лауазымы да зор, оның үстіне батыр келбетті, албырт Мәмбет үйге кіріп келгенде, Жоламанов пен Орақов орнынан ұшып түрегелді (Х.Есенжанов, Тар кезең).