зат. Керек-жарақ заттармен қамтамасыз етіп тұрушы (адам). Майдан штабының ж а б д ы қ т а у ш ы с ы Әлімжанның «осы да жетеді ғой» дегеніне қарамастан екі шыны сүтті қапшығына салдырған (М.Құттықов, Аяқталма.). Қамар Қасымов Құрманғазы оркестрін аспаптармен ж а б д ы қ т а у ш ы боп қала берді («Лен. жас»).Ол таза технологиялық жұмыспен айналысарын немесе ж а б д ы қ т а у ш ы міндетін атқарарын білмей, өзінен-өзі дал болды (Өрлеу).