ЖАБЫ

lat: JABY

з а т. 1. Қазақ жылқысыныц нашар, қарабайыр тұқымы. Әрі тілімнен қағынуым бар емес пе: «Ж а б ы н ы қанша жемдесең де, қазан ат болмас», - дегенім (М.Жұмағұлов, Қыран.). Жігітті топқа салсаң әбден баптап, Бойында өнер болса тұрмас тоқтап. Ж а б ы д а н туылған болса мәстек болып, Жерінде бас көтермей қалар оттап ( М.Дулатов, Шығ.). Жалы бар деп, ж а б ы д а н айғыр салма (Қаз. мақал.). Алса борыш көрмейді, берсе міндет қылмайды. Ондайлар бағзы бір заманда ж а б ы с ы ұшқан көлденең жолаушыға тақымына басқан жалғыз күлігін түсіп береді екен (М.Мағауин, Бір ата.). 2. а у ы с. Төмен дәрежеде, шамалы. Қашсаң қуып жетемін, Бізге ж а б ы бұйым ба-ай. Селтеңдеген ақынды Көрмеуші едім шыбындай (Жамбыл, Тол. жин.).