Жабыл етістігінің қимыл атауы; тоқтатылу, қысқартылу. Алматының арықтары ж а б ы л у ғ а тиісті емес, көбейе беруге, көріктене беруге тиісті (С.Мұқанов, Саяхат.). Оған себеп, жоғары кластар биыл мұнда ж а б ы л у ғ а тиісті де, оның оқушылары аудан орталығына ауыстырылмақ (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). // с ө й л. Түрме, қамау. Мардан сол ж а б ы л у д а ай жарым жатты. Бұл ай жарым уақытта қызыл тұмсық заведующий больницадан жазылып та шықты (І.Жансүгіров, Шығ.).