ЖАБЫСҚАҚ

lat: JABYSQAQ

сын. 1. Жуысқан жерінен ұстасып ажырамайтын. Екі-үшеуі асық үйіріп жүр. Қалғандары қара жол бойындағы ж а б ы с қ а қ май топырақты бақайларының арасынан көпсіте бұрқыратып, құм үйіп ойнайды (Қ.Сәрсекеев, Кілт). Кеңгір бабамның моласын сары ж а б ы с қ а қ топыраққа аттың қылын араластырып, биенің сүтін, ешкінің майын ерітіп құйып, қыш жасап соққан (О.Бөкеев, Өз отың.). Ж а б ы с қ а қ тікен тұтқан қылшық құйрығын екі тақымының арасына қысып алыпты (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз). 2. ауыс. Кісіні жалықтырып, қыр соңынан қалмайтын. Төргі үйдің есік жағындағы үстелді өзгертіп, хатшысы болып ж а б ы с қ а қ Мияш отыр (С.Сейфуллин, Әңгім.). Келесі сәтте басқарма әлгі сынды ж а б ы с қ а қ сұраушыдан мүнша оңай құтылғанына қуанды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Дүниесі құрғырдың жүзі ыстық қой. Ақыры Қали көнді, менің берген нәрселерімді алды да, үйге қайтты. Қызылкөз ж а б ы с қ а қ пәледен құтылғанымызға біз қуаныштымыз (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).