ЖАДЫ

lat: JADY

з а т. ж е р г. Жазы, қом. Кейбіреулер түйенің үстіне салатын қомның ағашын жады дейді (Қазақ тілі аймақ. сөздігі). Шойын қара құламапты... пері-ай, қайыс белбеуінің бір ұшын жадыға байлап алған екен (Д.Досжанов, Жібек.). Шалбарымды шешіп, екі балағынан шөп тықтым да атқа жадығып мініп алдым (Б.Тоғысбаев, Ақиық).