байырғы наным-сенім бойынша сиқырлаудан болатын ауру түрі. Сиқырлы күштің теріс әсерінен қияли болып, ақыл-есінен, сөзінен жаңылған адам болса, ондай адамды «жады болған» немесе «жадыланған» деп санаған. Сонымен бірге үйден шыққысы келмей отырып қалған адамға қаратыла «үй жады болған ба?» деп те айтылады. Бұл жадыланып қалған дегенді білдіреді.