зат. 1. Ескі наным бойынша, сиқырлы күштің біреуге ынтықтыруынан болатын сырқат. Мұндай қиялы ерекше ұшқыр жас дұрыс жөн-жоба таппаса ж а д ы болып кетуі мүмкін немесе одан қайрауы келіссе, үлкен ақын шығуы да ғажап емес (Ә.Көшімов, Лашын.). -Көзжақсым молда жігіт жоқ жерде ж а д ы болған кісідей есінен, сөзінен жаңылып, жай сөзімнің өзін ұқпай кетеді (М.Әуезов, Қараш.). Түбек ж а д ы м е н ауырып, сол жадысы ішіне түсіпті-міс, ол ауруының себебін әйелінен көреді-міс (Айтыс). 3. ауыс. Бір нәрсенің құпия сыры, сиқыры. Төмен тартпағаны -беттің тіктігін, тастағын ойлағаны. Жау жер ж а д ы с ы н білетін анық жырындылығын істеген (М.Әуезов, Қараш.). Жылқышылар ақ боз атты жалғыз ұрыны көріп қалып, ізінше қуғын салған екен, бірақ жер ж а д ы с ы н жақсы білетін қашқын адастырып кетіпті (Т.Рахымжанов, Оралу). -Енді бір сүт пісірімде келіп қалды, -десті жер ж а д ы с ы н білдіретіндер (Қ.Жұмаділов, Тағдыр).