Малдың жақ сүйегі тәріздес етіп иіп, екі басын мықтап қайыс өріммен немесе қыл арқанмен тартып байлаған кергіш. Садақтың адырнасы сияқты кермесіне қолөнершілер жүн түткен. Керме домбыраның шегі сияқты 2-3 қатар етіп тартылған. Керменің үстіне жүнді салып, тартпа немесе шертпек деп аталатын (бір басында ілмесі бар) қол таяқпен кермені тартып қалып, шерткен бойы серпінмен жүн шабақталып, түтіледі.