үст. 1. Өзімен-өзі, жайбарақат, қозғалыссыз, әрекетсіз. Мұндай қатынмен маған мұқтаждық бар ма? Расходтың бәрін артып қойып, оқысам да, бала оқытсам да ж а й жүрсем де болмас па еді. Білмеймін енді осыдан тағы айрылып қалам ба? Бүдан ешбір рухты салбырату жарамайды, тырысып ғамал қылу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.). Көңіл деген – дария Желсіз күндей ж а й жатқан (Б.Кулиев). 2. Жайымен, ешкімге тиіспей, тыныш. Жоғалды ойын-күлкі, сауықтары, Зор болып аурудан қауіптары. Қасқырлар қойға тимей, ораза үстап, Ж а й жүрді түлкі жемей тауықтарды (А.Байтұрсынов, Шығ.).