ЖАЙ

lat: JAI

үст. Әдеттегіден кеш, кейін, соң. Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі ж а й (Абай, Тол. жин.). Қойдың кеш келгендігінен мал ж а й сойылды (С.Шәріпов, Шығ.). Қайыркенің еркіндеп дем алатын күні тек жексенбі күні. Ол бүгінгі жексенбіде де ж а й тұрды (С.Бегалин, Ана.). Түнде де ж а й жатса да сергек ұйықтап, ерте оянды Самал (З.Жәкенов, Таң самалы). Қаладан кеше шықса, жолдағы ауылдардың біріне қонып, одан ж а й аттанса да келетін уақыты болды (А.Лекеров, Түз гүлі).