ЖАЙЛАУ

lat: JAILAÝ

Жайла етістігінің қимыл атауы. 1. Мекендеу, қоныс тебу. Биыл Шідертіні жайлау, оның ішінде тап осы түсты жайлау, оқығаны аз болғанымен тоқығаны көп Шерияздан нық шешімі еді (Д.Әбілев, Арман.). 2. Малға қарау, жайғау. Осы кезде... түрегеп түрған еркек бала тәрізді Ақжаңыл азғана қара-құрасын  жайлауға қораға шығып кетті (Д.Әбілев, Арман.). 3. Бойын билеу, меңдеу. Қыстаудың төбесіне шығып айналаға қараған кісінің көңілін үрей  жайлауы да мүмкін (Ө.Қанахин, Жер бас.).