с ы н. 1. қ ажетке сай, ыңғайлы, қолайлы. Шалқар көл, аққан бұлақ, жайлы қоныс, Орман-тоғай кетті ғой ағашың да. Ойласам мұның бәрін хияли боп, Хафадан ішім оттай жанасың да (М.Дулатов, Шығ.). Жұрт жаңа қоныстың малға жайлы болғандығын әңгіме қылысады (М.Әуезов, Шығ.). Жаздың жуан ортасы... Бұл кезде көшпелі ел үшін құм арасынан жайлы қоныс табу қиын (Ө.Қанахин, Жер бас.). 2. Жанға жағымды, рақат. Дегенмен дастарқаны жаюлы бейілді үйде Дәрмен өзін жайлы сезінді (Т.Әлімқұлов, Сейтек). Қазан астындағы қызыл таптың денең жайылып сала беретін жайлы қызуы бар (Ә.Кекілбаев, Дала.). Күн желсіз ашық болса да, тоғай арасынан бір жайлы самал сезіледі (Қ.Исабаев, Соңғы.).