ш ы л. Біреу не бір құбылыс туралы, сол хақында, жайында. Ағайлар бізге өздерінің мамандықтары, оқып бітірген институттары жайлы әңгіме айтты (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Жыраулар қисса толғайды Батырлар жайлы, ел жайлы. Күңіреніп көне абыздай, Заманаларды болжайды (С.Мәуленов, Алыс кет.). Кеудесінен көтерген көне жерді, Көресің бе айнала төбелерді. Тірілсе егер төбеде жатқан жандар, Соғыс жайлы баяндап берер еді (С.Мәуленов, Алыс кет.).