ЖАЙЛЫ

lat: JAILY

сын. 1. қажетке сай, ыңғайлы, қолайлы. Шалқар көл, аққан бұлақ, ж а й л ы қоныс, Орман-тоғай кетті ғой ағашың да. Ойласам мұның бәрін хияли боп, Хафадан ішім оттай жанасың да (М.Дулатов, Шығ.). Жұрт жаңа қоныстың малға ж а й л ы болғандығын әңгіме қылысады (М.Әуезов, Шығ.). Жаздың жуан ортасы... Бұл кезде көшпелі ел үшін құм арасынан ж а й л ы қоныс табу қиын (Ө.Қанахин, Жер бас.). 2. Жанға жағымды, рақат. Дегенмен дастарқаны жаюлы бейілді үйде Дәрмен өзін ж а й л ы сезінді (Т.Әлімқұлов, Сейтек). Қазан астындағы қызыл таптың денең жайылып сала беретін ж а й л ы қызуы бар (Ә.Кекілбаев, Дала.). Күн желсіз ашық болса да, тоғай арасынан бір ж а й л ы самал сезіледі (Қ.Исабаев, Соңғы.).