ЖАЙЫЛУ

lat: JAIYLÝ

Жайыл етістігінің қимыл атауы.

1. Жайылымға өру, өрістеу.

Көктемнің көк бурыл бозына қар суымен өрістеген жылқылар шоқ-шоқ, үйір-үйір болып жайылуда (С.Бегалин, Шоқан асу.).

Арындап бара жатқан қалың жылқы енді жайылуға кірісті (І.Есенберлин, Алтын Орда).

2. Таралу.

- Жерге судың тегіс жайылуын өз көзіммен қадағалап отырамын (Ғ.Мұстафин, Шығанақ).

3. Жазылу, кеңею.

Бұл процесс бүкіл керегенің бүктеліп, жайылуымен және келесі керегемен қабысу техникасын үйші ұстаның дұрыс меңгеруіне байланысты (С.Қасиманов, Қаз. Қолөнері).

4.м е д. Жүйке процесінің өзі пайда болған орыннан басқа жүйкелік элементтерге таралу қабілеттілігі.

Жүйке процесінің жайылу жылдамдығы.