Жайыл етістігінің қимыл атауы 1. Жайылымға өру, өрістеу. Көктемнің көк бурыл бозына қар суымен өрістеген жылқылар шоқ-шоқ, үйір-үйір болып ж а й ы л у д а (С.Бегалин, Шоқан асу.). Арындап бара жатқан қалың жылқы енді ж а й ы л у ғ а кірісті (І.Есенберлин, Алтын Орда). 2. Таралу. -Жерге судың тегіс ж а й ы л у ы н өз көзіммен қадағалап отырамын (Ғ.Мұстафин, Шығанақ). 3. Жазылу, кеңею. Бұл процесс бүкіл керегенің бүктеліп, ж а й ы л у ы м е н және келесі керегемен қабысу техникасын үйші ұстаның дұрыс меңгеруіне байланысты (С.Қасиманов, Қаз. Қолөнері). 4.мед. Жүйке процесінің өзі пайда болған орыннан басқа жүйкелік элементтерге таралу қабілеттілігі. Жүйке процесінің ж а й ы л у жылдамдығы.