ЖАЛҒАУ

lat: JALǴAÝ

з а т. 1. қ о л ө н е р. Бір жіпке септелетін екінші жіптің үзігі.

Ал бір жіпке септелетін екінші жіптің үзігін жалғау дейді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

2. л и н г в. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

Дыбыстан жинап сөз құрап,

Ол сөзімді буындап

Буындап едім болсайшы,

Жалғаудан жалғау туындап (І.Жансүгіров, Шығ.).

Бұл кісінің сөздігінде «сіз», «сың» деген жалғау  болмайды деп жұрт күлуші еді (З.Шашкин, Теміртау).

Мысалы, «балаларымызға» деген сөзде -лар - көптік, -ымыз - тәуелдік, ға - септік жалғаулары. Бұдан түркі тілдеріндегі жалғаулар- дың жалғану реті, орын тәртібі айқын көрінеді. Жалғау мағыналық, тұлғалық дербестік күйде ешқандай мағына бермейді. Жұрнақтарға қарағанда қолдану өрісі кең, белгілі бір сөз табына қатысты сөздерді талғамай жалғана береді (Қазақ тілі).