ет. 1. Екі нәрсенің аралығын біріктіріп қосу, ұштастырып байланыстыру. -Кіндік темірі үзіліп, бәйбішенің арбасы далада қалып қойды, мына екеуін жылдам ж а л ғ а п бере ғой - деді ол (С.Шәріпов, Бекболат). Кентай телефон сымының үзілген жерін ж а л ғ а д ы да, оны тыңдап еді, Гончаренконың даусын ғана естіді (М.Ғабдуллин, Ел намысы.). Ж а л ғ а п-ж а л ғ а п бір ұзын арқан етті, Ер Әзім осылайша талап етті. Бір ұшын талға байлап жібергенде, Түсетұғын орнына әбден жетті ( Абай, Тол. жин.). Үшпасын деп, қимаған Қанат, құйрық қалмады, Бір жіпті берік бек байлап, Аяғына ж а л ғ а д ы (Абай, Тол. жин.). 2. Қосу, үстеу, жамау. Мен -өлі жан, ешкімді талғамаймын, Рақымсыз билеріңді қарғамаймын. Мен кешерлік сүйтсе де іс қылған жоқ, Разымын деп жалған сөз ж а л ғ а м а йм ы н (Абай, Тол. жин.). 3. ауыс. Дамыта түсу, сабақтастыру, жалғастыру. Енді қару алмайық, Өртенбейік, жанбайық. Біз адасып қалмайық, Ақ аспанда самғайық. Аталардың өмірін Әрі қарай ж а л г а й ы к (М.Мақатаев, Шығ.). Іздей білсе, Кім қүмарын таппайды, Түңілмеші, Тілекті өмір ақтайды. Ж а л ғ а й д ы жырдың Үзіліп қалған жолдарын, Шабыттың селін бәз қалпында сақтайды (К.Салықов, Жезкиік). Алдыма ж а л ғ а п тілекті, Соңымда қалды көп халық. Адамға ғашық жүректі Ақ сұңқар ұшты көкке алып (Т.Айбергенов, Мен саған. ).