lat: JALǴYZ
с ы н. Бір, жалқы.
Менің ойым қазір басқа нәрседе... мен... менің ойым қазір жалғыз Зейнепте ғана (М.Дулатов, Шығ.).
Мырза!.. Үйірдегі жалғыз айғырымызды алдырған екенсіз... соның жайын айтайын, жайын білейін деп... (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Көп емес, қазір онда жалғыз ділда,
Оны алсаң, ділда болар тағы орнында.
Оны алсаң және орнынан ділда шығып,
Таусылмас ала берсең қанша жылда (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Өлшеулі демі біткенде
Ажалдың оғы жеткенде,
Бадана көзді берік сауыт
Тең болар оның панасы
- Жалаңқат киген шекпенге.
Қайтпайтын жаудан қайратты
Маңдайдан шыпшып қара тер
Жанды жерден қадалған
- Бір жалғыз оққа кез болар! (Базар жырау, Шығ.)
// Ата-анадан жеке туған не жалғыз қалған бала.
- Апар да мыс бақырды алдына сал,
Алтын болса, болады бірталай мал.
Жалғызым, не қылсаң да сақ болып жүр,
Жәдігөй боп жүрмесін антұрған шал (Абай, Тол. жин.).
Жұмылған көзім ашылып,
Жалғызымды көргендей (Батырлар жыры).
Аузы құрғыр тартады,
Жалғызымды сүйгендей (Батырлар жыры).