ЖАЛҒЫЗ

lat: JALǴYZ

сын. Бір, жалқы. Менің ойым қазір басқа нәрседе... мен... менің ойым қазір ж а л ғ ы з Зейнепте ғана (М.Дулатов, Шығ.). Мырза!.. Үйірдегі ж а л ғ ы з айғырымызды алдырған екенсіз... соның жайын айтайын, жайын білейін деп... (Ж.Аймауытов, Шығ.). Көп емес, қазір онда ж а л ғ ы з ділда, Оны алсаң, ділда болар тағы орнында. Оны алсаң және орнынан ділда шығып, Таусылмас ала берсең қанша жылда (А.Байтүрсынов, Шығ.). Өлшеулі демі біткенде Ажалдың оғы жеткенде, Бадана көзді берік сауыт Тең болар оның панасы -Жалаңқат киген шекпенге. Қайтпайтын жаудан қайратты Маңдайдан шыпшып қара тер Жанды жерден қадалған -Бір ж а л ғ ы з оққа кез болар! (Базар жырау, Шығ.). // Ата-анадан жеке туған не жалғыз қалған бала. -Апар да мыс бақырды алдына сал, Алтын болса, болады бірталай мал. Ж а л ғ ы з ы м, не қылсаң да сақ болып жүр, Жәдігөй боп жүрмесін антұрған шал (Абай, Тол. жин.). Жұмылған көзім ашылып, Ж а л ғ ы з ы м д ы көргендей (Батырлар жыры). Аузы құрғыр тартады, Ж а л ғ ы з ы м д ы сүйгендей (Батырлар жыры).