lat: JALǴYZDA
е т. 1. Бір-бірлеп жалқылап, біріндеу.
Олар жалғыздап жасырынып жүк жатқан жерге келді (І.Жансүгіров, Әңгім.).
2. Бірігіп, көп болып жабылу.
- Бәріңнің жабылғаның ғой маған, ішіңдер менің қанымды... ал, ішіңдер... Жалғыздағандарың ғой (С.Мұратбеков, Көкорай).
Ол сені жатқа балап жылатпайды,
Жалғыздап жар қабақтан құлатпайды,
Мұңыңды ұқтыра алсаң бүге жылап,
Тек қана артық күлсең ұнатпайды (Қ.Мұқашев, Жер жұлдызы.).