lat: JALAŃBAS
с ы н. 1. Баскиімсіз, баскиім кимеген .
Боз көйлектің жыртық жеңін жасыра түрініп, жалаң аяқ, жалаңбас келген Медетпекке заводтың берген жұмыс киімінің өзі әлдеқандай көрінді (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал).
Екі жаяудың біреуі жалаңбас.
Ұ зын бойлы адам.
Бұтында қара шалбары бар.
Балағын етікке салмаған (М.Жұмабаев, Шығ.).
Ертеңіне қарасам, отыз градус аязда ақыным жалаңбас жүр (С.Бақбергенов, Адам.).
Мырзалы жалаңбас маңдай терін тымағының тысымен қайта-қайта сүрте береді (Б.Тәжібаев, Қараторғай).
2. а у ы с. Азып-тозған, тоз-тозы шыққан.
Бишанды падышаға барды айдап,
Жалаңбас, жалаңаяқ, қолды байлап.
Қылған соң қызын олжа қызуланып,
Көргеннен зығырданы кетті қайнап (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).
Зеңбіректің шоғына,
Бір дүмбел мылтық оғына,
Жалаңаяқ, жалаңбас,
Қырып жаяу жөнеді (Бабалар сөзі).