ЖАЛАҢБАС

lat: JALAŃBAS

сын. 1. Баскиімсіз, баскиім кимеген. Боз көйлектің жыртық жеңін жасыра түрініп, жалаң аяқ, ж а л а ң б а с келген Ме-детпекке заводтың берген жұмыс киімінің өзі әлдеқандай көрінді (Ә.Сатыбалдиев, Ақмарал). Екі жаяудың біреуі ж а л а ң б а с. Ұзын бойлы адам. Бұтында қара шалбары бар. Балағын етікке салмаған (М.Жұмабаев, Шығ.). Ертеңіне қарасам, отыз градус аязда ақыным ж а л а ң б а с жүр (С.Бақбергенов, Адам.). Мырзалы ж а л а ң б а с маңдай терін тымағының тысымен қайтаайта сүрте береді (Б.Тәжібаев, Қараторғай). 2. ауыс. Азып-тозған, тоз-тозы шыққан. Бишанды падышаға барды айдап, Ж а л а ң б а с, жалаңаяқ, қолды байлап. Қылған соң қызын олжа қызуланып, Көргеннен зығырданы кетті қайнап (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Зеңбіректің шоғына, Бір дүмбел мылтық оғына, Жалаңаяқ, ж а л а ң б а с, Қырып жаяу жөнеді (Бабалар сөзі).