lat: JALAŃTÓS
с ы н. 1. Білекті сыбанып кірісетін, ештеңеден тайынбайтын (кісі).
Ойдан-қырдан оңай олжа іздеген жалаңтөс жас жігіттер соның (Барақтың) жасыл жалауының астына жиналды, жас батыр жасағын бастап, жат елге талай-талай аттанды («Қаз. әдеб.»).
Және соңғы бір үш-төрт жыл ішінде бұл сөзді ара-тұра бетпе-бет айтып та қалып жүрген жалаңтөстер (Ә.Көшімов, Лашын.).
2. Аянар түгі жоқ, мұқтаждықпен күн кешкен қара табан.
Айтқан батырларыңыздың бәрі, Жоламан сұлтаннан өзгесі, кілең ашық кеуде жалаңтөс кедей батырлар екен (І.Есенберлин, Қаһар).