ЖАЛБЫЗ

lat: JALBYZ

з а т. 1. Сыздауыт жерлерде өсетін хош иісті өсімдік.

Айналайын жалғызым,

Жайқын суда жалбызым,

Ет жүрегім езіліп,

Көзі құрғыр тартады,

Бір бәлені сезініп (Манас).

Бозамық дала. Бидайық пен жалбыздың жұпар иісі аңқыған еркін дала (О.Бодықов, Бұлбұл).

Су шығар жалбызы бар шилі жерден,

Сөз шығар естімеген үлгілі елден.

Сайрап қал, қызыл тілім, ел-жұртыңа,

Құтылған еш ақын жоқ қара жерден (К.Әзірбаев, Таңд. Шығ.).

2. ө с.ат. mentha> Ерінгүлділер тұқымдасына кіретін, сыздауыт жерлерде өсетін хош иісті дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдік.

Жалбыздың сабағы тік, бұтақталған, жапырақтары қарамаарсы орналасқан, қос және дара жынысты гүлдері гүлшоғына топталған болады (Қаз. тілі термин. Биология).

Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды (ҚҰЭ).

Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сүйық дәрілердің, тіс тазалағыш үнтақтардың құрамына кіреді (ҚҰЭ).

Жалбыздың тамырлары көлбей тарамданып, үзын болып өседі. Гүлдері ұсақ, қызыл, жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ басында орналасқан. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейдіаз. тілі термин. Тамақ.).