ЖАЛБЫЗ

lat: JALBYZ

зат. 1. Сыздауыт жерлерде өсетін хош иісті өсімдік. Айналайын жалғызым, Жайқын суда ж а л б ы з ы м, Ет жүрегім езіліп, Көзі құрғыр тартады, Бір бәлені сезініп (Манас). Бозамық дала. Бидайық пен ж а л б ы з д ы ң жұпар иісі аңқыған еркін дала (О.Бодықов, Бұлбұл). Су шығар ж а л б ы з ы бар шилі жерден, Сөз шығар естімеген үлгілі елден. Сайрап қал, қызыл тілім, ел-жұртыңа, Құтылған еш ақын жоқ қара жерден (К.Әзірбаев, Таңд. Шығ.). 2. өс. <лат. mentha> Ерінгүлділер тұқымдасына кіретін, сыздауыт жерлерде өсетін хош иісті дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдік. Ж а л б ы з д ы ң сабағы тік, бұтақталған, жапырақтары қарамаарсы орналасқан, қос және дара жынысты гүлдері гүлшоғына топталған боладыаз. тілі термин. Биология). Ж а л б ы з д ы ң құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды (ҚҰЭ). Ж а л б ы з д ы ң жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сүйық дәрілердің, тіс тазалағыш үнтақтардың құрамына кіреді (ҚҰЭ). Ж а л б ы з д ы ң тамырлары көлбей тарамданып, үзын болып өседі. Гүлдері ұсақ, қызыл, жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ басында орналасқан. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейді (Қаз. тілі термин. Тамақ.).