ЖАЛБЫЗДЫ

lat: JALBYZDY

с ы н. Жалбызы бар, жалбызы қалың өскен.

Ол Қарабастаудың жалбызды жағасын ұзақ серуендеп, жұпарын жұтып, нәзік бүралған сәмбі-талды қызықтады (А.Нысаналин, Алыста.).

Ол ауылдан ұзап жалбызды сайда жасырынып жол тосып, МТС- ке бара жатқан темір бөлшектер артқан өгіз арбасының сорайған ағашына жармасып кетіп еді (Е.Тұрысов, Қыран.).