зат. экон. Меншіктену құқығы жалға берушінің қолында қалатын жалгерліктің ерекше түрі. Ж а л д а у шартпен рәсімделеді (Қаз. тілі термин. Экономика). Ж а л д а у д ы ң міндетті талаптары: жалға беру мерзімі 1 жылдан аспайды; ақысын төлеу құны мен шарттары көрсетіледі; мүлік тұтынушылық мақсаттарға пайдаланылады және үшінші бір тұлғаға өткізілуге тиіс емес; жалгер жалға алынған мүліктен кез келген уақытта бас тарта алады; кепілзат (ақшалай, құжаттар, т.б. түрінде) көзделеді (Қаз. тілі термин. Экономика).