ЖАЛДАМАЛЫ

lat: JALDAMALY

с ы н. Еңбегін сатқан, жалданған.

Атамекеніміз хақында Мәскеу таратқан жалған хабарларды жалдамалы ауыздар осылайша күйсер еді ( М.Шоқай, Таңд.).

Аппақтай қара қазақ, өзінің жалдамалы құлы мынадай сөз айтқанда Федор мырза қалай шыдасын (Ғ.Сланов, Асау.).

Байдың жалдамалы жендеттері мен Жиделі тұрғындары бетпе- бет майдандасты (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).

Айтысса шоң желкелі шүйделімен,

Шонжардың жалдамалы билерімен.

Көктемде сең бұзылып, сел жүргендей

Сөздерді тасқындатқан түйдегімен (С.Мәуленов, Алыс кет.).