ЖАЛДАМАЛЫ

lat: JALDAMALY

сын. Еңбегін сатқан, жалданған. Атамекеніміз хақында Мәскеу таратқан жалған хабарларды ж а л д а м а л ы ауыздар осылайша күйсер еді ( М.Шоқай, Таңд.). Аппақтай қара қазақ, өзінің ж а л д а м а л ы құлы мынадай сөз айтқанда Федор мырза қалай шыдасын (Ғ.Сланов, Асау.). Байдың ж а л д а м а л ы жендеттері мен Жиделі тұрғындары бетпе-бет майдандасты (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). Айтысса шоң желкелі шүйделімен, Шонжардың ж а л д а м а л ы билерімен. Көктемде сең бұзылып, сел жүргендей Сөздерді тасқындатқан түйдегімен (С.Мәуленов, Алыс кет.).