lat: JALPY
м о д. Негізінен.
- Сенің сөзің жалпы дұрыс, Жәнібек, - деді Мәди бір кесек қиярды асап жатып. - «Әке болдық» дегеніңе қосыламын (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).
Жалпы, осы келулеріңіздің өзі дұрыс емес. Балаларыңыздың дайындығы жеткілікті болса, институтқа түседі, ал жетпейді екен, қайтады. Әңгіме осы (М.Дүйсенов, Мейман.).